Жаңалықтар

Қазанның 4-і күні  мұғалімдер күніне арналған  «Ұстаз –ұлағатым!»  атты салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Бастауыш әдістемелік бірлестігі жауапты болды.

Қыркүйектің  20-сы   күні сағат 14:30-да «Тіл тіршіліктің айнасы» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Гуманитарлық әдістеме бірлестігі жауапты болды.

Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында 2019 жылдың 9 ақпан күні мекеменің 2017-2018 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы есеп беру жиналысы өтті. Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі адамдарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Бізде олар аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілгені – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады...» деген сөзін ескере отырып, мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстар туралы сөз болды.      

Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында 2019 жылдың 8 ақпан күні «Ақиық ақын – Мұқағали Мақатаев» туылған күніне арналған әдеби-саз кеші өтті.