Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар күніне» арналған Тараз қаласы тұрғындарының арасында спартакиада өтті.

 

2019 жылдың 13 қазан күні мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спартакиадаға Чупеев Нұрасыл, Куусик Александр, Құтылымұратов Ардақ, Сагимбеков Алимжан, Әжмахан Диас, Шеленкова Лидия, Васюк Ирина, Алиасқар Аяжан т.б оқушылар қатысты.

 

Сапартакиада да 6 оқушы жүлделі орын алды. 60  – 100 метр аралығында Шеленкова Лидия, Рахымбай Қаламқас, Сагимбеков Алимжан 1 – ші орынды жеңіп алды.

 

100 метр қашықтықтта жүгіріп Әжмахан Диас 2 – ші орынды жеңіп алды.

 

Васюк Ирина мен Куусик Александр 3 – ші орынды жеңіп алды. Қатысқан оқушылар ынталандыру сыйлығымен марапатталды.