Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында 2019 жылдың 9 ақпан күні мекеменің 2017-2018 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы есеп беру жиналысы өтті. Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі адамдарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Бізде олар аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілгені – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады...» деген сөзін ескере отырып, мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстар туралы сөз болды.      


Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының орта білім беру бөлімінің бас маманы З.С.Сейдуалиева, мектеп-интернаттың қамқоршылық кеңесінің төрағасы О.Е.Бейсенбинов, ата-аналар комитетінің төрайымы Г.Д.Баймағанбетова, ата-аналар қатысты.


Мектеп-интернатта 5 әдістемелік бірлестікте 57  педагог қызметкерлері  ағаш өңдеу, тігін шеберханаларында, әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабақтарында еңбекпен түзету,  бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Сенсорлық, жұмсақ бөлмелерде, жаңадан ашылған оқушылардың танымдық қызметін түзету сыныбында, тіл кемістігін түзету бөлмелерде «Дельфа» тренажерларда, дамытушылық бағдарламалар орнатылған комьютерлерде 2 дефектолог, 3 логопед, 2 психолог пән мұғалімдерімен бірлесіп  түзету-дамыту жұмыстарын  жүзеге асырады.


Еліміздің ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шығармашылығына  арналған  республикалық  «Жұлдызай»  фестиваліне, «Спешиал Олимпикс» спорттық жарыстарға, басқа да әлеуметтік жобаларға мектеп тәрбиеленушілерін қатыстыруға мүмкіндік жасалған.


Мектеп-интернатта Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Спешиал Олимпикс Қазақстан» қоры, «Жұлдызай» қорпоративтік қоры, «Тараз-Арена» спорт кешені, «Intellektum» дамыту орталығы, «Айвенго» тігін цехы, Жамбыл облыстық қазақ және орыс драма театры, Жамбыл облыстық өлкетану мұражайы, Абай атындағы кітапхана, Т.Рысқұлов атындағы қалалық саябағы  сияқты мекемелермен  серіктестік  орнатылған.


Сонымен қатар, есеп жиында  мекеменің өзекті мәселелерін шешу жолдары мен алға қойған мақсаттар туралы айтылды. Мысалы, балабақша топтарын ашу мүмкіндігін қарастыру және мектеп-интернатта 10-шы өндірістік сынып ашуды қолға алу.