Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында 2019 жылдың 8 ақпан күні «Ақиық ақын – Мұқағали Мақатаев» туылған күніне арналған әдеби-саз кеші өтті.


Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым,

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын – деп, саф асыл жырларымен халықтың сүйіспеншілігіне бөленген алып тұлғалы ақиық ақын М.Мақатаевтың маржан мұрасымен тілдесу, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы арқылы аққу құсының киелі екенін, әрбір тіршіліктің өзіндік орыны бар екенің оқушыларға түсіндіру, ұғындыру, әндерін дәріптеу мақсатында өткізілген іс-шараға оқушылар мен педагогтар белсенді қатысты.