Жамбыл  облысы  әкімдігінің білім  басқармасының № 1 «Өркен»  арнайы  мектеп-инетернаты» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі төмендегі мамандықтар бойынша бос вакансияларға  конкурс  жариялайды:

1) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы:

Мекен жайы: Тараз қаласы, Аса мөлтек ауданы  46 үй

Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 87262348610, 87470897285

Байланыс үшін электрондық почта:     Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен  шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы:    

  • Еңбек пәнінің мұғалімі (ер балаларға) – 16 сағат

Еңбек ақысы – 210 000 теңге;

 

  • Еңбек пәнінің мұғалімі (қыз балаларға) – 16 сағат

Еңбек ақысы – 210 000 теңге;

 

  • Еңбек пәнінің мұғалімі (қыз балаларға) – 16 сағат

Еңбек ақысы – 210 000 теңге;

 

  • Сөйлеу тілінің даму кемшіліктерін түзету пәнінің мұғалімі (декреттік демалыстағы негізгі жұмыскердің орнына уақытша) – 16 сағат

Еңбек ақысы – 210 000 теңге;

 

  • Информатика пәнінің мұғалімі (декреттік демалыстағы негізгі жұмыскердің орнына уақытша) – 9 сағат

Еңбек ақысы – 119 000 теңге ;

 

  • Әлеуметтік педагог – 1 ст.

Еңбек ақысы – 167 000 теңге

 

  • Белсенді қозғалуға бағытталған жеке және топтық сабақтар мұғалімі – 10 сағат

Еңбек ақысы – 132 000 теңге;

 

  • Тәрбиеші – 3 ст.

Еңбек ақысы – 144 000 теңге;

 

  • Тәрбиеші (декреттік демалыстағы негізгі жұмыскердің орнына уақытша) – 1 ст.

Еңбек ақысы – 144 000 теңге.

 

Жалпы біліктілік талаптары:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім; "Арнайы білім" бағыты бойынша (Логопед- дефектолог) білімі жоғары және педагогикалық біліктілік арттыру туралы растайтын құжат;

 

Мамандығы:

Педагогикалық  (білім беру саласы), 

жұмыс тәжірибесі:

1) педагогикалық жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

Лауазымдық міндеттері:

даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, жеке дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар) түзету сабақтар өткізеді;

ерекше балаларға арналған арнайы логопедиялық, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

басқа педагогтармен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

тәрбиешілерге, ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;

ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары; арнайы педагогиканы; оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері; арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;педагогикалық этиканың нормалар;

еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар

3) құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

4) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттары:

1) Қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы «22» желтоқсандағы № 513 бұйрығына (10-қосымшаға сәйкес) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) педагогтің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.08.2025 жыл –21.08.2025 жыл

Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Дүйсенбі-жұма

сағат: 09:00-18:00 дейін

 

Тараз қаласы, Аса мөлтек ауданы  46 үй

Анықтама алу үшін байланыс телефондары:

87262348610

87470897285

Байланыс үшін электрондық почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.