Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының № 1 «Өркен» арнайы мектеп-инетернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос вакансияларға конкурс жариялайды:

-тәрбиеші 1,0 бірлік

-тәрбиеші 1,0 бірлік

-тәрбиеші 1,0 бірлік


Жалпы біліктілік талаптары:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мамандығы:
Педагогикалық (білім беру саласы),
жұмыс тәжірибесі:
1) педагогикалық жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
Лауазымдық міндеттері: Баланың жеке тұлғасының даму мақсатында баланың жеке қабілеттерін, бейімділігі мен қызығушылығын зерделейді, оның негізінде психологтардың кеңесімен түзете-дамытушылық жұмысты (топпен және жеке) жоспарлайды және жүргізеді.
Әлеуметтік және еңбекке бейімдеу, әлеуметтік-психологиялық оңалту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету, күнделікті жұмыс жүргізеді.
Пайдалы қоғамдық еңбекке қатысу, үй жұмыстарын, күн тәртібін ұйымдастырады.
Білім алуға көмектеседі, бос уақыттарын ұйымдастыру мен қосымша білім алуды ұйымдастырады.
Тәрбиеші 3-4 деңгейдегі тәрбиеленушінің сынып ортасына тәрбиелеуге, бейімделуіне жағдай етеді және дамытады, тәртіп сақтауда дағды қалыптастыруға көмектеседі;
Тәрбиеленушілердің күн тәртібін сақтауды, олардың үй тапсырмасын орындауын, қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуын ұйымдастырады.
Сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеленушілермен тәрбиелік жұмыс жүргізеді.
Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып өз-өзіне қызмет жасауға, жеке гигиеналық тазалықты сақтауды ұйымдастырады.
Медицина қызметкерлермен бірлесе отырып, тәрбиеленушілердің денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психологиялық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады.
Тәрбиеленушінің сабаққа күнделікті қатысуын, үлгерімін, күнделікті тексеруді ұйымдастырады, әкімшілікке уақытында ақпарат беріп отырады. Оқушылардың (тәрбиеленушілердің) ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен қарым-қатынаста болады.
Тәрбиеленушілердің денсаулықтарын нығайту және сақтау бойынша медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етеді, психикалық және дене дамуына септігін тигізетін іс-шаралар жүргізеді, баланың мекемеде болу мерзіміне дейін денсаулықтарына жауап береді.
Дәрігерлік тексеріс алдындағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді.
Топқа бекітілген арнайы құралдарға, оқу-әдістемелерге, оқулықтарға, ойыншықтарға, арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін анықтайды және бағалау жүргізеді, оған қажетті жағдайлар құрады, баланың арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін анықтауға талдау жасайды.
Тәрбиешінің тәрбиеленушілерді өз еркімен үйіне, болмаса интернаттан тыс жерге жіберуге құқығы жоқ.
Өз бетімен рұқсатсыз кетіп қалған тәрбиеленуші үшін дербес жауапкершілікте болады, оның интернатқа оралуы үшін тез арада тиісті шаралар қолдануы тиіс.
Уақытша жоқ тәрбиешілерді әкімшіліктің бұйрығымен ауыстырады.
Тәрбиеші көмекшісінің жұмысын басқарады.
Білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзінің кәсіптік шеберлігін, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға, бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге, педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті;
Білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері туралы не өздеріне белгілі болған, білім беру ұйымдарынан тыс жерде болған осындай құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға, өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті.
Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті, компьютерлік коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, арнайы педагогиканы, психологияны,
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы, санитарлық ережелер мен нормалар.

 

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
04.12.2023 ж–13.12.2023 ж
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
Дүйсенбі-жұма
сағат: 09:00-18:00 дейін
Тараз қаласы, Аса мөлтек ауданы 46 үй
Анықтама алу үшін байланыс телефондары:
87262348610
87026642818
Байланыс үшін E-mail
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.